Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Астана» мен «Челси» ойынына билеттер сатылмай жатыр

12.12.2024, 15:38

«Оңтүстік астанада» бүгін күн суық

«Астана» мен «Челси» ойынына билеттер сатылмай жатыр
Алматы қаласы әкімдігі

Конференция лигасы аясындағы «Астана» мен «Челси» арасындағы ойынның билеттеріне қатысты тағы әңгіме тарады. Мұның алдында билетке таласқан жұрт енді сол билеттерді кері өткізе алмай әлек. Бұған матчтың басталуына бірнеше сағат қалса да, ticketon.kz сайтында әлі де сатылмаған билеттер санының көптігі дәлел. Одан қалды, әлеуметтік желілер мен OLX-те өз құнынан да төмен бағамен сатуға дайын адамдар саны да аз емес.

Мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, Алматыда күн өте суық. Бүгін оңтүстік астанада ауа температурасы -12 градусты көрсетіп тұр. Екіншіден, «Челси» жұлдызды ойыншыларын елде қалдырып, негізінен жастарын алып келген. Одан қалды, билет бағасы да арзан емес.

Ұйымдастырушылар билетті екі кезеңмен сатып, екіншісінде билет құнын өсірген болатын. Шамасы бұл да бос орындар санының көп болуына әсер еткен тәрізді.

Айта кетейік, «Челси» футболшылары Алматыға 11-інен 12 желтоқсанға қараған түні келді. Клуб өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ойыншылардың жаурағанын жасырған жоқ.

Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда сағат 20:30-да басталады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам