Қуат Хамитов Нұрберген Шәріппен күресіп, әзер жеңді (ВИДЕО)

Екеуі бұған дейін рингте кездесіп, Қуат жеңіске жеткен болатын

Фото әлеуметтік желіден
Фото әлеуметтік желіден

Елімізде Nomad Wrestling деген атаумен жаңа турнир бастау алды. Жекпе-жек спорт түрлерінің өкілдері қатысатын тележобаның бас жүлдесіне қомақты ақшалай сыйлық тағайындаған және оған елге танымал спортшылар қатысуда.

Аталған турнир аясында белгілі файтер Қуат Хамитов өзінің досы әрі аралас жекпе-жектегі бәсекелесі Нұрберген Шәріппен күресті. Он минут бойы бозкілемде белдескен спортшылар негізгі уақытта мықтыны анықтай алмай, экстра-таймда Қуаттың мерейі үстем болды.

Айта кету керек, жарыстың жүлде қоры – 10 миллион теңге. Қатысушылар бір-бірімен күресіп, ақтық сынға дейін жетуі тиіс.

Қуат Хамитов пен Нұрберген Шәріп бұған дейін кәсіпқой бокс ережесімен жекпе-жек өткізген болатын. Ол кезде де «Найманның» жолы болып, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам