Ол бұған дейін ұлттық құрамамен жаттығудың өте аз болатынын айтып шағымданған еді
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Мәскеуде тұрып жатыр. Бұл туралы ресейлік «ВсеПроСпорт» сайты ҚФФ-да жұмыс істейтін дереккөзіне сілтеме жасай отырып жазды.
Дереккөздің сөзінше, ҚФФ президенттігіне үміткерлердің ешқайсысы Черчесовпен кездесіп сөйлеспеген. Өйткені, бас бапкер үнемі Мәскеуде, ал алты кандидат Қазақстанда тұрып жатыр.
«Черчесовпен кандидаттардың ешбірі кездескен жоқ және кездеспейді де. Өйткені, ол Мәскеуде. Ешкім сөйлесу үшін оның артынан Ресей астанасына бармайтыны түсінікті. Дәл қазір ол Қазақстанда болуы тиіс еді, әсіресе қазіргі сайлау алдында. Бірақ, көріп тұрғаныңыздай, Черчесов жоқ», - деді ҚФФ өкілі.
Еске салайық, бір ай бұрын Қазақстан футбол федерациячсының президенті Әділет Бәрменқұлов отставкаға кеткен болатын. Жаңа президентті сайлау 20 желтоқсанға белгіленген. Бұл лауазымды қызметке 6 кандидат таласып жатыр.