Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Бәрменқұловтың орнына келетін президент Черчесовті алып тастайды – БАҚ

18.12.2024, 16:09

Ресейлік маман Қазақстан құрамасына биыл жазда ғана келген болатын

Бәрменқұловтың орнына келетін президент Черчесовті алып тастайды – БАҚ
Қазақстан футбол федерациясы

20 желтоқсанда Қазақстан футбол федерациясының кезектен тыс президент сайлауы өтіп, жаңа басшы сайланады. Сосын жаңа президент бірден ұлттық құраманың бас бапкерін ауыстырады деп жазады KazFootball.kz порталы.

Басылымның ақпараты бойынша, федерация президенті кім болғанына қарамастан бірінші кезекте бас бапкерді ауыстырады. Өйткені жаңа басшыға осындай міндет қойылмақ.

Ресейлік бапкермен келісімшартты экс-президент Әділет Бәрменқұлов 2024 жылдың маусымында екі жылға жасасқан еді. Бейресми ақпараттарға сенсек, егер келісімшарт мерзімінен бұрын бұзылса, ҚФФ Черчесовке 1 млн еуро көлемінде өтемақы төлеуі тиіс.

Айта кетейік, 20 желтоқсанда сайлауға қатысатын төрт үміткер бар. Алғашында алтау болғанымен, кейін екеуі қатардан шығып қалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам