Ол 2019-2021 маусымында «Астана» футбол клубында директор болған
Қазақстан футболының ардагері Михаил Гурман 71 жасында «Астана» футбол клубы директорлар кеңесінің төрағасы болды.
Ардагер футболшы бір кездері Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының директоры және Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті қызметін атқарған.
Ол 2019-2021 маусымында «Астана» футбол клубында директор болған. Сол кезде сынға ұшырап, кейіннен қызметінен кеткен.
Айта кетейік, биыл 71 жасқа толған Михаил Гурман былтыр күзде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен екі рет Қазақстан ұлттық құрамасының ойындарын стадионнан тамашалады.