Ол Беларусь еліне 2024 жылдын басында барған болатын
Қазақстандық футболшы Оралхан Өміртаев Беларустың БАТЭ футбол клубының үздік сұрмергені атанды. Отандасымыз маусымдағы нәтижесі бойынша алты гол соғып үздіктер қатарынан көрінді.
Оралхан Өміртаев спорттық мансабын 2017 жылы Қарағандының «Шахтер» клубының құрамында бастаған. 2017-2018 жылдары маусым бойы 37 матч өткізіп, бес гол соқты.
2020-2021 жылдары Қостанайдың «Тобыл» сапында өнер көрсетіп, Қазақстанның Супер кубогын жеңіп алды.
Сонымен қатар, 2021 жылы Қарағандының «Шахтерында», 2022 «Ақжайықта», 2023 жылы «Атырау» клубында доп тепті.
2024 жылдың басында Беларустың «Слуцк» құрамында ойнап, кейін БАТЭ-ге ауысты.