2022 жылы Роналду «Спортинг» клубында ойнаған
Португалияның «Спортинг» клубында ойнайтын 17 жастағы Жеовани Кенда Криштиану Роналдудың 22 жылдан бері бұзылмай келе жатқан рекордын жаңартты.
Ел чемпионатының 16-турында «Спортинг» өз алаңында «Бенфиканы» қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз голды Мозамбик өкілі Жени Катаму соққан.
Осы матчта алаңға «Спортинг» сапынан Жеовани Кенда шықты. Ол 17 жастан 8 ай асқан. Бұл оқиға клуб тарихында алаңға шыққан ең жас футболшы ретінде рекордтар тізіміне енгізілді. Бұған дейін «Спортингтің» алаңға шыққан ең жас ойыншысы Криштиану Роналду болған еді. 2002 жылы 17 жастан 10 ай асқан кезінде португалдық шабуылшы клубтағы дебютін жасаған.
Кенда Гвинея-Бисау елінде туып, кішкентай кезінде Еуропаға көшіп келген. 2016 жылы «Дамайенсе» клубында тәлім алса, 2017 жылы «Бенфика» академиясына келді. Ал, 2019 жылдан «Спортинг» сапында доп теуіп жүр.
Криштиану Роналду «Спортинг» сапында 2002-2003 жылдар аралығында ойнады. Бұдан кейін ол «Манчестер Юнайтед», «Реал» және «Ювентуста» жалғастырып, қазір Саудияның «Әл-Наср» клубында доп теуіп жүр.