Экс-депутаттың ұлы «Елімаймен» бірге Түркияға аттанды

Оның сыңары да осы команданың жастар құрамында ойнайды

Елімай ФК
Елімай ФК

Абай облысының бұрынғы мәслихат депутаты Серік Байғалиевтің ұлы Асан Байғалиев «Елімаймен» Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарына аттанды. 

Былтырғы қараша айында 17 жастағы жартылай қорғаушы «Елімаймен» толыққанды келісімшартқа қол қойған. Команданың жастар құрамында Асанның егізі Әлижан да ойнайды. 

Асан Байғалиев Антальядағы оқу-жаттығу жиындарына шақыртылған 20 футболшының қатарына енді. 

Серік Байғалиев ұлдарымен түскен суреттерін жиі жариялап тұрады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам