Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Лука Модрич «Реал» тарихындағы ең жасы үлкен ойыншы атанды

12.01.2025, 13:30

Модричтің бұл жетістігі спорттық мансабындағы ең ірі оқиғалардың бірі болды

Лука Модрич «Реал» тарихындағы ең жасы үлкен ойыншы атанды
Getty images

39 жастағы хорваттық жартылай қорғаушы Лука Модрич испаниялық «Реал Мадрид» клубының тарихындағы ең егде жастағы гол авторы ретінде жаңа рекорд орнатып отыр. Бұл жетістікке ол Ла Лиганың кезекті ойынында қол жеткізді.

Өткен аптада ол «Реал» мен «Валенсия» арасындағы матчта гол соғып, командасына 2:1 нәтижесімен жеңіске жетуге елеулі үлес қосты. Бұл маңызды гол Лука үшін ерекше мәнге ие. Себебі, ол голды 39 жас 116 күнінде соғып, мадридтік клубтың бұрынғы рекордшысы Ференц Пушкашты артта қалдырды.

Пушкаш 1966 жылы 17 сәуірде Кубок Испаниясының матчы кезінде «Реал» сапында гол соғып, 39 жас 15 күнінде рекорд орнатқан болатын. Бұл көрсеткіш 59 жыл бойы жаңартылмаған еді.

Лука Модричтің бұл жетістігі оның спорттық мансабындағы ең ірі оқиғалардың бірі болды. 2012 жылдан бері «Реал» намысын қорғап келе жатқан хорват футболшысы осы уақыт аралығында клубпен көптеген жетістіктерге жеткені белгілі.

Луганың рекорды тек «Реал» үшін емес, жалпы футбол әлемі үшін де маңызды оқиға саналады. Бұл оның тәжірибесі мен шеберлігінің әлі де жоғары деңгейде екенін көрсетіп отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам