Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Астана» кениялық қорғаушы үшін 930 млн ұсынды

22.01.2025, 16:41

Алайда «Ракув» өз ойыншысының құны 2,5 миллион еуродан кем емес деп отыр

«Астана» кениялық қорғаушы үшін 930 млн ұсынды
transferfeed.com

«Астана» клубы Польшаның «Ракув» клубының кениялық қорғаушысы Эрик Оуманы қатарынан көргісі келеді. Transferfeed мәліметінше, Оумаға бірқатар клубтың, соның ішінде «Астананың» да көзі түскен.

Елордалық ұжым қорғаушы үшін 1,7 миллион еуро (931,6 миллион теңге) төлеуге дайын. Алайда «Ракув» өз ойыншысының құны 2,5 миллион еуродан кем емес деп отыр. Сондықтан бұл ұсыныстардан бас тартқан.

Оума польшалық клуб сапында былтырдан бері өнер көрсетеді. Швецияның АИК клубы оны 700 мың еуроға сатқан. Футболшының қазіргі келісімшарты 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін есептелген. Transfermarkt оны 850 мың еуроға бағалаған.

28 жастағы кениялық өз мансабында швециялық «Васалундс», албаниялық «Кастриоти», грузиялық «Колхети-1913» және кениялық «Гор Махиа» клубтарында өнер көрсеткен.

2016 жылдан бері ұлттық құрамаға шақыртылып келеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам