Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының президенті болып әкім сайланды

24.01.2025, 18:45

Енді облыс әкімі «Шахтер» клубын премьер-лигаға қайтаруға көмектеспек

Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының президенті болып әкім сайланды
gov.kz

Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының президенті болып, облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев сайланды.

Облыс басшысы облыстағы футбол қозғалысын жандандыруға және «Шахтер» клубын премьер-лигаға қайтаруға көмектесетін міндеттерді алға қойды.

Ермағанбет Бөлекпаев балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. Ол үшін Теміртау, Балқаш және Саран стадиондарының базасында «Шахтер» ФК филиалдары ашылады. Бұл футбол клубына өз спортшыларын тәрбиелеуге және әлеуеті жоғары ойыншыларды клуб академиясына іріктеуге мүмкіндік береді.

Балалар мен жасөспірімдер командалары арасында турнирлер, сондай-ақ шахтер мен металлург күндері сияқты өңір үшін маңызды мерекелерге орайластырылған матчтар ұйымдастырылады. Бұл да жас дарынды футболшыларды іздеуге көмектеседі.

Еске салайық, Қарағандыда УЕФА стандарттарына сәйкес заманауи стадион, жыл бойы жаттығуға арналған футбол манежін салу жоспарлануда. Сонымен қатар, биыл облыс орталығында бас стадионды және өңірдің бірқатар қалаларындағы стадиондарды жаңғырту жоспарланған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам