Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Түркістанның «Тұран» клубы жаңа бас бапкерін таныстырды

25.01.2025, 00:34

Оның ең жоғары жетістігі – «Атыраумен» былтыр Қазақстан кубогының финалына дейін жетуі

Түркістанның «Тұран» клубы жаңа бас бапкерін таныстырды
Беларусь 5

Соңғы 2,5 жылда «Атырауды» жаттықтырған беларусь маманы Виталий Жуковский Түркістанның «Тұран» клубының бас бапкері болып тағайындалды.

40 жастағы маман бұған дейін мұнайлы өлкеде қызмет еткен. Оның ең жоғары жетістігі – «Атыраумен» былтыр Қазақстан кубогының финалына дейін жетуі болды. Ал Премьер-лигада жетінші орыннан әрі аса алмады.

Ал, «Тұран» 2024 жылы Қазақстан чемпионатын 12-орынмен аяқтап, Премьер-лигада орнын сақтап қалды. 

Виталий Жуковский «Атырауға» дейін өз еліндегі «Ислочь» пен БАТЭ клубтарын жаттықтырған. Ол «Тұранда» қазақстандық маман Ринат Әлеуетовті алмастырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам