Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстан футболшылары Беларусь еліндегі жарысқа қатысады

30.01.2025, 09:34

Жарыста негізінен посткеңестік елдердің командалары бақ сынайды

Қазақстан футболшылары Беларусь еліндегі жарысқа қатысады
Қазақстан футбол федерациясы

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 16-21 ақпан аралығында Минскте (Беларусь) өтетін «Даму кубогы» халықаралық турнирінде ойнайды. Қазақстан U-17 құрамасының оқу-жаттығу жиыны 8 ақпанда Талғардағы ҚФФ құрама командалары базасында өтеді.

Жарысқа сегіз команда қатысады: Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан, Әзербайжан, Ресей, Иран, Тәжікстан (бәрі – U17) және бразилиялық BSA Academy командасы. Командалар екі топқа бөлінеді. «Б» тобында біздің команда Иран, Тәжікстан және Ресей құрамаларымен ойнайды. «А» тобы Беларусь, Өзбекстан, Әзербайжан және BSA Academy командалары бақ сынасады.

Даму кубогы-2025 матчтарының кестесі (Қазақстан уақыты көрсетілген):

16 ақпан (жексенбі)

  • 12:30 BSA Academy - Өзбекстан U17
  • 14:50 Иран U17 - Қазақстан U17
  • 17:10 Ресей U17 - Тәжікстан U17
  • 20:00 Беларусь U17 - Әзербайжан U17

 17 ақпан (дүйсенбі)

  • 13:00 Иран U17 - Тәжікстан U17
  • 15:20 BSA Academy - Әзербайжан U17
  • 17:40 Ресей U17 - Қазақстан U17
  • 20:00 Беларусь U17 - Өзбекстан U17

 19 ақпан (сәрсенбі)

  • 13:00 Өзбекстан U17 - Әзербайжан U17
  • 15:20 Қазақстан U17 -Тәжікстан U17
  • 17:40 Ресей U17 - Иран U17
  • 20:00 Беларусь U17 - BSA Academy

 21 ақпан (жұма)

  • 12:00 «А» тобының төртінші орны – «В» тобының төртінші орны
  • 14:20 «А» тобының үшінші орны – «В» тобының үшінші орны
  • 16:40 «А» тобының екінші орны – «В» тобының екінші орны
  • 19:00 «А» тобының жеңімпазы – «В» тобының жеңімпазы.
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам