Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Реал Мадрид» ойыншысы сүйіктісін тастап, оның анасымен көңіл жарастырды

04.02.2025, 16:31

Корольдік клуб басшылығы оған қандай шара қолданатыны белгісіз

«Реал Мадрид» ойыншысы сүйіктісін тастап, оның анасымен көңіл жарастырды
Getty Images

Мадридтік «Реал» клубының сол қапталдағы қорғаушысы Фран Гарсия сүйіктісімен айрылысып кетті. Ол болашақ қалыңдығына адалдық танытпаған деп айыпталып жатыр.

Белгілі болғандай, Гарсия сүйіктісінің көзіне шөп салған. Ол көңілдесті сырттан іздемей, қыздың анасымен көңіл жарастырыпты. Екеуі төсекте жатқан жерінен ұсталған деп жазады The Sports Grail басылымы.

Әлеуметтік желіде Гарсияны келеке етіп жатқандар көп. Әу баста сүйіктісі болғысы келген еді, енді өгей әкесі атанып отыр деген пікірлер бар. Футболшының өзі бұл жайтқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Айта кетейік, Фран Гарсия «Реал Мадрид» сапында 2023 жылдан бері ойнайды. Оған дейін «Райо Вальекано» сапында өнер көрсеткен. Негізі өзі «Реалдың» түлегі саналады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам