Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Біржан Оразов: «Данияны жеңсек те, ойынға көңілім толмады»

06.02.2025, 00:12

Қазақстан құрамасы былтыр әлем чемпионатында үздік үштікке кіре алмады

Біржан Оразов: «Данияны жеңсек те, ойынға көңілім толмады»
Қазақстан футбол федерациясы

Футзалдан Қазақстан құрамасы EURO 2026 іріктеу турнирінде Данияға қарсы ойында 7:3 есебімен жеңіске жетті. Өткен аптада сырт алаңда болған алғашқы матчта біздің елдің командасы 2:3 есебімен жеңілген болатын.

Бүгінгі матчта Қазақстан қарсыласын ірі есеппен ойсырата жеңсе де, команда капитаны Біржан Оразов ойынға көңілі толмайтынын айтты.

«Бүгінгі ойынға жақсы көңіл-күймен шықтық. Өйткені Қазақ еліне жеңіс сыйлау керек болды. Бірақ, ойын ойдағыдай өтті деп айта алмаймын. Бүгінгі ойынға көңілім толмайды. Бастапқыда үш гол өткізіп алдық. Ойын барысында көп қателіктер жібердік. Дегенмен, барымызды салып, жинақылық танытып, әйтеуір дегенімізге жеттік. Бірінші таймнан кейін бапкер жаңа нұсқау беріп, ойын өрнегін өзгерттік.

Даниямен өткен ойында жеңілгеннен кейін сабақ алдық. Келесі ойында бұдан жақсы ойнап, ойдағыдай нәтиже көрсетеміз», - деді Қазақстан құрамасының капитаны.

Еске салайық, Даниямен болған бірінші ойында қақпашы Игита алаңға шыққан жоқ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам