Футболдағы пенальти тебу ережесі өзгеруі мүмкін

Telegram WhatsApp

Жаңа ережеде қақпашыға басымдық беріледі

REUTERS/Ivan Alvarado
REUTERS/Ivan Alvarado

Аты аңызға айналған италиялық төреші Пьерлуиджи Коллина пенальти тебу ережесін өзгерту мәселесін көтерді.

ФИФА-ның төрешілер комитеті басшысы Пьерлуиджи Коллина  пенальти тебу ережесіне қатысты мәлімдеме жасады. Оның ойынша, қазіргі уақытта 11 метрлік айып добын орындау форматы шабуылдаушы тарапқа көбірек басымдық береді.

Статистикаға сәйкес, қазіргі уақытта пенальтидің 75 пайызы голмен аяқталады. Коллинаның айтуынша, сейв жасалған кезде футболшының допты тағы да тебу мүмкіндігіне ие болуы қақпашыны қиын жағдайға түсіреді. 

«Менің ойымша, футболшылар бұған шағымдануы керек. Бұл мәселені IFAB-мен де талқылаған болатынмын. Оның шешімі ретінде пенальти орындаушыға тек бір рет қана допты тебуге рұқсат етілуі мүмкін. Ойыннан кейінгі пенальти сериясы секілді. Егер оны қақпашы қайтарып, доп алаңда қалса, голкипер оны ойынға өзі қосуы керек»

деді Коллина

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 56 586 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 160 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 139 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 638 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 265 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 144 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 138 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 623 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 398 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 552 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 592 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›