Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Қазақстан өз алаңында Дания қақпасына үш гол соққан болатын
Еуропа футбол қауымдастықтарының кеңесі (УЕФА) өзінің Instagram-парақшасында жылды қорытындылап, биыл Қазақстан құрамасының Дания қақпасына соққан голын ерекше атап өтті. Яғни, команда капитаны Асхат Тағыбергеннің супер соққысын еуропалық мамандар жоғары бағалап отыр.
Іріктеу ойындары аясында 26 наурызда Қазақстан өз алаңында Данияны қабылдап, 0:2 есебімен жеңіліп тұрғанда, есепті 86-минутта Асхат Тағыберген теңестірген болатын. Артынша Абат Айымбетов жеңіс голын соғып, сенсация жасағаны әлі есте.
Бұған дейін Тағыбергеннің сол голы ЕУРО-2024 іріктеу ойындарында соғылған ең мықты гол болып таңдалған еді.