Ол Тайландта демалып жүр
Қыздар футболынан Қазақстан құрамасының және мәскеулік ЦСКА-ның қорғаушысы Юлия Мясникова Тайландта демалып жүр. Ол жағажайда бикинимен түскен фотосын Instagram-парақшасында жариялап, артық салмақ қоспағанын айтты.
«Мені демалыстан артық салмақпен келеді деп уайымдап жатқан кім еді? Достар, бәрі бақылауда!», - деп жазды футболшы әлеуметтік желіде.
Еске салайық, желтоқсан айының басында Ұлттар Лигасы аясында Қазақстан қыздар құрамасы Армениямен кездесіп, 4:1 есебімен жеңген болатын. Сол матчта Юлия Мясникованың айып добынан соққан голы турнирдегі ең сұлу голдардың қатарына енді.