Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Дастан Сәтпаевтың «Челси» клубында алатын жалақысы белгілі болды

14.02.2025, 18:59

Ол Қазақстандағы ең қымбат ойыншы атанып отыр

Дастан Сәтпаевтың «Челси» клубында алатын жалақысы белгілі болды
Қазақстан футбол федерациясы

Жақында 16 жастағы қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев ресми түрде Лондонның «Челси» клубының ойыншысы атанған еді. Енді оның «ақсүйектер» клубынан алатын жалақысы белгілі болды.

Sports.ru сайтының мәліметінше, трансфер сомасы 4,3 миллион еуроны құраған. Ал ойыншының өзі үшін келісімшарт бойынша айына 14 мың фунт (шамамен 8,7 миллион теңге) мөлшерінде жалақыға кепілдік береді. Осылайша, бұл Қазақстан футбол тарихындағы ең қымбат трансфер болып отыр.

Алайда, 2026 жылға дейін Сәтпаев өзінің туған клубы «Қайратта» өнер көрсетеді, сөйте тұра «Челси» жаттықтырушысымен жеке бағдарлама бойынша жұмыс істейтін болады. Ал оның матчтарға қатысуы Лондон клубымен келісіледі.

Келісімшартта ойыншының жалақысы ата-анасына жіберіледі, ал Дастанның өзі бұл қаражатқа 22 жасқа толғаннан кейін ғана қол жеткізе алады деп жазылған. Жас футболшы кәмелетке толғанға дейін Қазақстанда болады, содан кейін «Челсиге» ауысады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам