Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Манчестер Сити» Хосеп Гвардиоланың орнына лайықты бапкер тапты

21.02.2025, 00:16

Испан маманы үшін «Мансити» басшылары «Реалмен» таласуы мүмкін

«Манчестер Сити» Хосеп Гвардиоланың орнына лайықты бапкер тапты
Getty Images

«Манчестер Сити» жақын күндері бас бапкерін ауыстыруы мүмкін. Чемпиондар лигасында – мадридтік «Реалдан» жеңіліп, АПЛ-де де сәтсіз ойнаған клуб Хосеп Гвардиоланы алмастыратын бапкер іздестіруде.

El Nacional басылымының хабарлауынша, «Манчестер Сити» тізгінін ұстауға дәл қазір Хаби Алонсо лайықты. Клуб қожайындары осындай шешімге келген сыңайлы. Дегенмен, Алонсоның «Байермен» келісімшарты 2027 жылдың жазында аяқталады.

Испан маманына тек «Мансити» ғана емес, мадридтік «Реал» да көз салып отыр. Өйткені, Карло Анчелотти осы маусымнан кейін зейнетке кетуді ойластырып жүр.

Айта кетейік, егер «Манчестер Сити» рсы маусымда ешқандай трофей ұта алмаса онда Хочеп Гвардиоламен қош айтысады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам