«Астананың» бұрынғы бапкері футболшыларға қазақша сөйлеуге тыйым салмақ болған

30.12.2023, 11:09

Ол кезде команда атауы «Локомотив» еді

«Астананың» бұрынғы бапкері футболшыларға қазақша сөйлеуге тыйым салмақ болған
Чемпионат.ру

Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Жамбыл Көкеев «Borodabata» YouTube-каналына сұхбат беріп, ресейлік жаттықтырушы Сергей Юранмен болған жанжал туралы айтып берді.

2009 жылы Көкеев қазіргі «Астана» клубында (бұрынғы «Локомотив») ойнаған. Команданы Ресейден келген маман Сергей Юран жаттықтыратын. Екеуінің арасында тіл мәселесі бойынша жанжал туып, бапкер Жамбылды қосалқы құрамға қуып жіберіпті.

«Бірде түскі ас кезінде біз 5-6 қазақ жігіті бірге отырып қалдық. Арасында мүлдем орысша сөйлей алмайтындары, қиналып сөйлейтіндері бар. Біз қазақша сөйлесіп, әзілдесіп, күліп отырғанбыз. Ол (Юран - авт.) маған «Көкеев, сен неге күліп отырсың? Мен саған қазақша сөйлеуге тыйым саламын» деді. Мен ашуланып: «Өзің Қазақстанға сырттан келіп отырып, маған ана тілімде сөйлеуге тыйым салатын сен кімсің?» деп жауап қаттым. Арада жанжал пайда болды. Ол мені қосалқы командаға жіберді», - дейді Ж.Көкеев.

Ол Сергей Юранның қолында 2009-2010 жылдар аралығында жаттыққан. Ұлттық құрамада жүргенде Англия құрамасына сырт алаңда гол соққан болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 35
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 12
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Жаңа Подкаст! / Қазақ баласы қашан NHL-да ойнайды?