Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қайрат Боранбаев 37 жастағы Артем Дзюбаны тағы да «Қайратқа» шақырды

Бүгін, 11:49

Футболшы Тольятти командасында 2024 жылдан бері ойнап келеді

Қайрат Боранбаев 37 жастағы Артем Дзюбаны тағы да «Қайратқа» шақырды
Alexander Kulebyakin / Global Look Press)

Алматының «Қайрат» футбол клубы бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев ресейлік шабуылшы Артем Дзюбаға ұсыныс жасағанын айтты.

«Қайрат» клубы қазір «Акрон» клубында ойнайтын шабуылшыны сатып алуды қарастырып жатқан көрінеді. Футболшы Тольятти командасында 2024 жылдың қыркүйегінен бері ойнап келеді. Оның «Акронмен» келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін жасалған.

«Мен Дзюбамен жеке таныспын, сөйлесіп тұрамыз. Біз бір-бірімізді бұрыннан танимыз. Енді Артем Александр Кержаковтың рекордын жаңартқысы келеді. Өйткені Кержаков 233 гол соққан. Дзюбада 232 гол бар. Тығыз байланыстамыз, Артемді күтеміз», - деді Қайрат Боранбаев.

Биылғы маусымда 36 жастағы Дзюба «Акрон» үшін барлық турнирлерде 11 кездесу өткізіп, 3 гол соқты. Ол Александр Кержаковтың рекордын басып озып, Ресей тарихындағы үздік бомбардир болу үшін екі гол соғуы керек.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам