Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Шымкенттің «Ордабасы» клубы тағы бір легионерді қатарына қосты

24.02.2025, 20:00

Бұған дейін қала әкімі клубтың бюджетін біршама қысқартатынын мәлімдеген болатын

Шымкенттің «Ордабасы» клубы тағы бір легионерді қатарына қосты
Ордабасы ФК

Шымкенттің «Ордабасы» командасы бұған дейін Нигериялық жартылай қорғаушы Салиман Кайодені қатарына қосқан еді. Енді бүгін хорватиялық Дарио Чанаджия да клубпен келісімшарт жасасты.

Бұл ақпаратты «Ордабасының» баспасөз қызметі жариялады.

«Хорватиялық жартылай қорғаушы Дарио Чанаджия "Ордабасы" клубымен келісімшартқа қол қойды. Келесі маусымда Дариоға клубымыздың сапында жаңа белестерді бағындыруды тілейміз», - делінген аталған ақпаратта.

Айта кетейік, Дарио Чанаджия футболдағы мансабын ең алғаш 2011 жылы Хорватияның «Славен Белупо» клубының сапында бастаған. 2014 жылы «Риека» командасына қосылып, 2016 жылы ел чемпионы атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам