Су тасқыны: футболшылар ақша жинады ма? "Реал" базасында Зиданмен бірге жаттықтық

«Мақтааралға» шетелдік инвестордың табылғаны жалған ақпарат болып шықты

02.01.2024, 13:44

Жетісайлық команданың бюджеті небәрі 200 млн теңге

«Мақтааралға» шетелдік инвестордың табылғаны жалған ақпарат болып шықты
Informburo.kz

Бұған дейін ҚПЛ-де өнер көрсететін «Мақтаарал» клубына швейцариялық компанияның инвестор болатыны туралы ақпарат тараған болатын. Тіпті, еуропалық кәсіпкерлердің жетісайлық командаға 3 млн еуро құюға дайын екені де айтылған. Алайда, спорт журналисі Ермұхамед Мәулен өзінің Telegram-каналында бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

«Бізге жеткен ақпаратқа сенсек швейцариялық компанияның демеуші боламыз деп хат жазғаны өтірік екен. Жалған ақпарат желіні қалай жаулағаны белгісіз. Енді “Мақтааралдың” жағдайы не болмақ, ол да жұмбақ күйі қала бермек. Қаржысы жоқ бұл клубтың стадионы да талапқа сай емес. Демек, “Мақтаарал” келесі жылды Бірінші лигада өткізеді деген сөз», - деп жазды Е.Мәулен.

Айта кетейік, «Мақтаарал» командасының биылғы маусымдағы бюджеті небәрі 200 миллион теңге. Ал, ҚПЛ-де өнер көрсететін өзге клубтарда 1,2 млрд теңгеден бар.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт