Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Дембо Дарбо «Астанадан» кетіп қалды

01.01.2024, 10:54

Ол жанкүйерлер мен спорт мамандары тарапынан ең көп сынға ұшыраған футболшылардың бірі болды

Дембо Дарбо «Астанадан» кетіп қалды
ФК Астана

«Астана» футбол клубының шабуылшысы болған Дембо Дарбо «Әл-Наср» командасына қайта оралды деп хабарлады Sports.kz.

Айта кету керек, Дарбоны «Астана» арабтардан жалға алған болатын. Келісімшарттың мерзімі 31 желтоқсанда аяқталды.

2023 жылы Дембо Дарбо астаналық клуб сапында 21 ойын өткізіп, бес гол соққан. Соңғы футбол маусымында ол жанкүйерлер мен футбол мамандары тарапынан жиі сынға ұшырады. Өйткені, гамбиялық футболшы ең маңызды матчтарда өз мүмкіндіктерін пайдалана алмаған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам