Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Гвардиола футболды іш пыстыратын ойынға айналдырды - Капелло

10.03.2025, 13:06

Ол 90 минут бойы футболды көру мүмкін емес екенін айтқан

Гвардиола футболды іш пыстыратын ойынға айналдырды - Капелло
UEFA

Танымал италиялық бапкер Фабио Капелло Пеп Гвардиолаға айып тақты. Ол испаниялық әріптесін футболды іш пыстырарлақ спорт түріне айналдырды деп отыр.

– Ол өзі білместен футболға үлкен шығын келтірді.

– Неге?

– Себебі барлық бапкер оның әрекеттерін қайталаймыз деп 10 жылын жұмсады. Италиялық футбол өз болмысынан айырылды. «Доғарыңдар, сендерде Гвардиоланың қарамағындағыдай футболшылар жоқ!» деп айтатынмын.

Одан қалды сапалы ойын өрнегі тек осындай болуы керек деген пікір қалыптаса бастады. Бітпейтін бір-біріне пас беру. Бұл нағыз дағдарыс! Қазір футболды көру мүмкін емес, іш пыстырады. Енді адамдар тек негізгі сәттерді ғана көріп шығады, болды. 90 минут бойы көлденең пастарды тамашалаудың қажеті қанша? Не шабуыл, не алға ұмтылыс жоқ.

Бақытымызға орай, футбол өзгеріп жатыр. Бәрінен бұрын оны екі вингері бар және жылдам ойыны арқылы Еуропа біріншілігін жеңіп алған Испания өзгертті», – деді танымал бапкер.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам