Қазақстанда байлар мен кедейлер арасындағы арақашықтық үлкен – ресейлік футболшы

Ол Қазақстанда Ресейден айырмашылық аз екенін айтып отыр

Қазақстан футбол федерациясы
Қазақстан футбол федерациясы

«Қайрат» клубының ресейлік қорғаушысы Егор Сорокин «РБ Спорт» басылымына берген сұхбатында Алматыда пәтер жалдап тұру және азық-түлік бағасы туралы айтты.

Сорокин «Қайрат» сапына 2024 жылғы 22 шілдеде қосылды. Бұған дейін ресейлік футболшы төрт ай бойы «Елімай» клубында ойнады.

— Қазақстанда Мәскеуден соң барлар, театр, дүкендер жеткілікті көріне ме?

— Иә, әрине. Алматы — жақсы қала, Қазақстандағы ең мықты қалалардың бірі. Ауа райы қолайлы, өмір сүру сапасы жоғары, дүкендерде бәрі бар, қолжетімді.

— Ал пәтер жалдап тұру ақысы қанша?

— Жақсы тұрғын үйден пәтер жалдау шамамен миллион теңге - 200 мың рубльдей. Мәскеудегі бағамен шамалас. Бірақ ол өте жақсы пәтер болады. Мен базаға жақын жерден қарап отырмын, себебі базамыз қаладан сырт жақта, ол жақта кешке кептеліс те Мәскеудегідей.

— Ал кедейлер жоқ па?

— Байлар мен кедейлер арасындағы арақашықтық өте үлкен. Бұл басқа қалаларда қатты сезіледі. Ресейде де сондай ғой.

— Қазақстанда өмір сүру қымбатырақ па?

— Жоқ, шамалас. Бағалар да ұқсайды. Такси де, әдетте мен таксимен жүремін.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам