Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Асхат Тағыберген айына 20 млн теңге алып отыр – Шымкент әкімі

16.03.2025, 13:06

Әкімнің айтуынша, ойнай алмайтын футболшылардың өзіне 15-20 миллион теңге жалақы беріледі

Асхат Тағыберген айына 20 млн теңге алып отыр – Шымкент әкімі
коллаж 1bol.kz

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков жергілікті тұрғындармен кездесу барысында «Ордабасы» клубындағы былықтар туралы айтты.

Қала басшысының сөзінше, клуб басшылығы ойнай алмайтын футболшылардың өзіне 15-20 миллион теңге төлеп отыр.

«Біздегі команданы батпақ қылып кеткен. Ойыншылардың орташа айлығы - 15 миллион теңге. Екі жылға келісімшартқа отырған. УЕФА-ға тіркеп қойған. Біз оны тоқтатсақ, онда соңына дейін айлығын төлеп беруіміз керек. Ештеңе істей алмаймыз. Бәрімен сөйлесіп, біртіндеп кетіріп жатырмыз. Ашығын айтайын, Асхат Тағыберген сияқты ойыншылар қазір ойнай алмайды да, кетпейді де, отыр. 20 миллион теңге жалақыдан алып отыр. Мен ештеңе істей алмаймын. Тоқтатсам, соңына дейін төлеп беруім керек. Өзімізден 10 жас баланы қостық. Мұның бәрін көпшіліктің сұрағына нүкте қою үшін айтып жатырмын. «Оңтүстік» секілді жастар командалары тек құжат жүзінде болған. Достарым жеке қаражатына Хорватия мен Сербияға апарып келді, формасын алып берді, енді автобус әперейін деп жатыр», - деді әкім. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам