Ғафуржан Сүйімбаев ауыр жарақат алып, карьерасын аяқтады

16.03.2025, 16:34

34 жастағы қорғаушы «Ертіс» клубымен келісімшартқа қол қойған

Ғафуржан Сүйімбаев ауыр жарақат алып, карьерасын аяқтады
ҚФФ

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы, бүгінде Павлодардың «Ертіс» клубының намысын қорғап жүрген Ғафуржан Сүйімбаев ауыр жарақат алып, карьерасын аяқтады.

34 жастағы қорғаушы биылғы маусымда «Ертіс» клубымен келісімшартқа қол қойғанымен, ауыр жарақат алып қалды. Алдын ала болжам бойынша, «Ордабасы» клубының бұрынғы жұлдызы буын жарақатын алған.

Ауыр жарақатына байланысты Ғафуржан Сүйімбаев кәсіби карьерасын аяқтау туралы шешім қабылдады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам