Болгарияда футболшылар тірі адамды бір минуттық үнсіздікпен еске алған (ВИДЕО)

20.03.2025, 10:49

Петко Ганчев өткен ғасырдың орта тұсында «Арда» сапында бес жыл ойнаған

Болгарияда футболшылар тірі адамды бір минуттық үнсіздікпен еске алған (ВИДЕО)
RMS Sport

Болгарияның «Арда» және «Левски» клубтары чемпионаттың 25-турында тең ойнады. Ал БАҚ беттерінде ойынның өзі емес, клубтың әрекеті қызу талқыға түсті. Себебі «Арда» бұрынғы ойыншысы Петко Ганчевті өмірден өтті деп хабарлап, матчты бір минуттық үнсіздікпен бастаған. Көп ұзамай Ганчетің тірі екені белгілі болған.

Петко Ганчев өткен ғасырдың орта тұсында «Арда» сапында бес жыл ойнаған. Осы аралықта 120 гол соғып, кейіннен бас бапкердің көмекшісі болып жұмыс істеген. Қазір Ганчевтің жасы 78-де.

«Арда» өкілдеріне басқа хабар жеткен болар, клуб Ганчевтің өмірден өткенін мәлімдеп, футболшыны бір минуттық үнсіздікпен еске алуды ұйғарған. Бірақ ұжым ардагер ойыншының тірі екенін біліп, әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрап, оған ұзақ ғұмыр тілеген.

Ал Ганчевтің өзі 15 жылдан бері әйелі екеуі ауылда тұрады екен. екі баласы, немерелері бар. Blitz-ке берген сұхбатында теледидардан «Арданың» матчтарын өткізбей көретінін айтқан.

«Жұмысыма байланысты «Левскимен» ойынға 10 минутқа кешігіп қалдым. Үйге бара жатқанда телефоныма тыным болмады. Бірақ рульде отырған соң тұтқаны көтермедім. Көлікті тұраққа қойып жатқанда, алдымнан шыққан әйелім жылап тұр: «Петко, теледидардан сені «қайтыс болды» деп айтты». Мен не болғанын түсіне алмай әлекпін. Сонан соң тағы екі досым хабарласты. Тұтқаның арғы жағынан айғайлап жатыр: «Телефонды неге көтермейсің?». Бір досым сол ойынды стадионнан тамашалап отыр екен. ол «Не күлерімді, не жыларымды білмедім» деп тұр. Бірақ стадиондағы өзге жанкүйерлер секілді орнынан тұрып маған құрмет көрсетіпті», - дейді Ганчев.

Дегенмен ардагер футболшы ешкімге ренжімейтінін алға тартты.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам