
Олар Қазақстанның Уэльспен және Лихтенштейнмен болатын ойындарына болжам жасады
Биыл ақпан айының ортасында YouTube платформасында футбол тақырыбын қазақша талқылайтын Fonteam бірегей жобасы іске қосылған болатын. Жоба жүргізушілері еліміздегі ең танымал спорт комментаторлары – Ермұхамед Мәулен, Олжас Байбосын, Ерік Ерсін және футболдан Қазақстан құрамасының бапкері – Елдос Ахметов.
Осылайша, Fonteam-ның алғашқы шығарылымдары қызу талқыланып, YouTube-та 500 мыңнан астам қаралым жинап үлгерді. Ал, каналға жазылғандар саны 11-мыңнан асып отыр. Өйткені, жоба резиденттері қазақ футболының дамуы, қордаланған проблемалары мен олардың шешімі, сонымен қатар Еуропа футболы туралы кеңінен талқылап келеді.
Біз енді 12-ші шығарылымда Елдос Ахметовпен бірге Қазақстан құрамасының өткен жылғы ойындарына талдау жасап, алда өтетін матчтардың нәтижесін болжадық. Еске салайық, ұлттық құрама әлем чемпионатына іріктеу аясында 23 наурызға қараған түні Уэльспен кездесу өткізеді.
Жұлдызды сарапшылардың қатысуымен болатын шығарылымдар Fonteam YouTube-каналында апта сайын шығады. Ал, әлеуметтік желідегі парақшалардан күн сайын қызықты контент тауып, түрлі ұтыс ойындарына қатыса аласыз.