«Астана» бапкерінің сынынан соң Қостанайдағы жасанды газон ауыстырылады

21.03.2025, 19:32

Григорий Бабаян алаңның жағдайын сынға алды

«Астана» бапкерінің сынынан соң Қостанайдағы жасанды газон ауыстырылады
«Тобыл» ФК

Қостанайдағы «Тобол Арена» манежінде биылғы көктемнің соңында жасанды көгал соңғы үлгідегі жабынға ауыстырылады.

Бұл толық өлшемді кешенде жасанды көгал бұған дейін жаңартылмаған. Ал ол 2019 жылы пайдалануға берілген еді.

Аталған алаңда «Тобол» командасының негізгі және қосалқы құрамдары ғана емес, футбол орталығының тәрбиеленушілері, әуесқой футболшылар және медиалига командалары да жаттығып, ойын өткізеді.

Естеріңізде болса, Қазақстан премьер-лигасының (ҚПЛ) екінші турындағы «Қызылжар» мен «Астана (0:2) арасындағы матчтан кейін елордалық команданың бас бапкері Григорий Бабаян алаңның жағдайын сынға алды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам