18 жастағы қазақстандық футболшы Бельгия клубына ауысады

21.03.2025, 19:39

15 жасында Аллахвердиев «Жеңіс» сапына қосылған

18 жастағы қазақстандық футболшы Бельгия клубына ауысады
QFL

18 жастағы қазақстандық шабуылшы Рауль Аллахвердиев Бельгияның «Гент» клубымен келісімшарт жасасуға жақын.

Сәуірдің алғашқы бөлігінде футболшы Бельгияға аттанып, жергілікті клубпен келісімшартқа отырады.

Meta-ratings.kz мәліметінше, бастапқы кезеңде Рауль «Генттің» жастар командасында өнер көрсетеді (U-21).

15 жасында Аллахвердиев «Жеңіс» сапына қосылып, кәсіпқой футболдағы карьерасын бастады.

2023 жылы Рауль Transfermarkt рейтингіндегі ең қымбат ойыншылардың топ-50-інің қатарына кірді. Ол 175 мың еуромен тізімде 45-орын алды. Бұл оның жасындағы отандық футболшылар арасында ең үздік көрсеткіш.

Бұған дейін Аллахвердиевке Әзербайжан футбол федерацияларының қауымдастығы қызыққаны туралы ақпарат тарады. Себебі оның түп тамыры әзербайжан ұлтынан. Дегенмен футболшының өзі Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетемін деп шешті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам