Хусановты 16 жасында ешкім білмеген, ал Дастан Сәтпаев Мудриктен кем емес – Али Алиев

22.03.2025, 01:55

Қазақстан құрамасы бір аптада екі матч өткізеді

Хусановты 16 жасында ешкім білмеген, ал Дастан Сәтпаев Мудриктен кем емес – Али Алиев
Қайрат ФК

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Али Алиев Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчтарға алматылық «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаевты ұлттық құрамаға шақыру туралы бапкерлік штабтың шешіміне қатысты пікір білдірді.

16-дан енді асқан Дастан Сәтпаев Қазақстанның жастар құрамасында өнер көрсетіп жүр. Ол 18 жасқа толысымен лондондық «Челсидің» қатарына қосылады.

«Оқу-жаттығу жиындарында Дастанның қарым-қабілетін көрдім. Өте ерекше ойыншы. Қазақстанда осындай футболшы дүниеге келгеніне қуаныштымын. Ол алаңда не істеу керектігін жақсы біледі. Өзі бар-жоғы 16 жаста. Алайда, бәрін түсінеді. «Челси» керемет трансфер жасады деп ойлаймын. Мысалы, 16 жасында Абудкодир Хусановты ешкім білген жоқ. Дастан – біздің жұлдызымыз. Англия Премьер-лигасында ойнауға қабілеті жеткілікті. Дастан әлбетте Мудриктен кем емес», - дейді Әлиев.

Еске сала кетейік, наурыз айында Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда екі матч өткізеді. 22 наурызда ұлттық құрама Уэльспен кездеседі. Ойын Кардифф қаласындағы «Cardiff City» стадионында өтеді және Қазақстан уақыты бойынша 23 наурызға қараған түні 00:45-те басталады. Үш күннен кейін қазақстандық футболшылар Лихтенштейн құрамасына қонаққа барады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам