
Уэльс — Қазақстан матчы 22 наурыздан 23 наурызға ауған түні Кардиффте өтеді
Football365.com сайты 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасының Уэльске қарсы ойында шығуы мүмкін бастапқы құрамын жариялады.
Дереккөз мәліметінше, Әли Әлиев алаңға мына ойыншыларды шығаруы мүмкін: Покатилов — Астанов, Қасым, Әліп, Вороговский — Чесноков, Тапалов, Тағыберген, Самородов — Жақсылықов, Айымбетов. Алайда бұған дейін Әлібек Қасымның жарақатына байланысты алдағы матчқа қатыса алмайтыны белгілі болған еді.
Уэльс — Қазақстан матчы 22 наурыздан 23 наурызға ауған түні Кардиффте өтеді.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіне дайындық барысында үш жолдастық кездесу өткізді:
Өзбекстанның «Локомотивімен» тең түссе (1:1), Солтүстік Корея құрамасынан жеңілді (0:2). Ал Кюрасао құрамасынан 2:0 есебімен басым түсті.