Уэльспен ойынға дайындап отырған джокерлеріміз бар – Али Алиев

22.03.2025, 01:16

Бақтиер Зайнутдинов бұл матчқа қатыса алмайды

Уэльспен ойынға дайындап отырған джокерлеріміз бар – Али Алиев
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Али Алиев әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Уэльспен өтетін матч қарсаңында команданың көңіл күйі туралы айтты.

Қос құрама топтық кезеңдегі алғашқы матчты 22 наурызда Уэльс астанасында өткізеді.

«Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Матч алдында ойыншылар әрдайым ерекше эмоцияға толы болады. Жігіттер жаңа тарихты жазғысы келеді. Жаттығу барысында ұжымның Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қуанышты сәттерді қайтадан сезінгісі келетіні байқалды. Әлі құрамды таңдауды ойластырып жатырмыз. Жаттығу кезінде нақтылайтын кейбір жайттар бар. Біз үшін «джокер» бола алатын ойыншылар да жеткілікті», - деді бас бапкер баспасөз конференциясында.

Айта кетейік, бұған дейін шабуылшы Рамазан Каримов пен қорғаушы Роман Асранқұловтың жарақатына байланысты Уэльс және Лихтенштейнмен өтетін матчттарға қатыса алмайтыны айтылған. Сондай-ақ, ұлттық құрамаға Бахтиер Зайнутдинов пен Әлібек Қасым да көмектесе алмайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды0
Ұнамайды0
Күлкілі0
Ашулану0
0 Пікір
Сіздің пікірікіз редакция тексеруінен өтеді
СоңғыТанымал
Әзірге жазылған пікір жоқ
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам