«Жүрекпен ойнау керек». Таңат Нөсербаев Уэльспен матч алдында мәлімдеме жасады

22.03.2025, 21:13

Ол мүмкін емес дейтін ештеңе жоқ екенін айтады

«Жүрекпен ойнау керек». Таңат Нөсербаев Уэльспен матч алдында мәлімдеме жасады
Видеодан кадр

«Астана» клубы мен ұлттық құраманың бұрынғы шабуылшысы Таңат Нөсербаев Әли Әлиев шәкірттерінің әлем чемпионатына іріктеу аясында Уэльспен өтетін ойынына қатысты пікір білдірді.

«Ұлттық құрамадан жанкүйерлердің жеңіс күтетітіні анық. Уэльспен ойынға дұрыс психологиялық даярлықпен шығу керек. Қазіргі футболда мүмкін емес дейтін ештеңе жоқ. Егер жинақы ойын өрнегін көрсетсе, Уэльстен де ұпай алып қайтуға болады. Бұл жерде көп нәрсе бас бапкердің өз ойын футболшыларға қалай жеткізе алатынына байланысты. Жүрекпен ойнау керек. Жанкүйерлердің қолдауы - футболшылар үшін үлкен мотивация», — деді Таңат Нөсербаев футбол федерациясының Youtube-арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, бүгін ұлттық құрама әлем чемпионатына іріктеу аясында Уэльспен кездеседі. Матч 23 наурызға қараған түні сағат 00:45-те Кардиффтегі «Кардифф Сити» стадионында басталады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам