
Ол Қазақстан Уэльс құрамасы үшін біраз қиындық туындатқанын атап өтті
Уэльс құрамасы мен «Эвертон» клубының бұрынғы капитаны Эшли Уильямс әлем чемпионатына іріктеудің бірінші турында Қазақстанмен өткен матч туралы пікір білдірді.
«Қазақстан Уэльс құрамасы үшін біраз қиындық туындатты, олардың қорғанысын бұзып-жару оңай болған жоқ. Бірақ мұның өзі жеңіс үшін жеткіліксіз болды. Уэльс үшін оңай ойын болды деп айта алмаймын. Қазақстан әлем чемпионатына іріктеуде қарсыластарынан ұпай алады деп ойлаймын», - деді Эшли Уильямс.
Уильямс карьерасында ұлттық құрама сспында 86 матч өткізіп, екі голмен көзге түскен. Солардың бірін Еуро-2016-ның ширек финалында соққан.