Халық футбол атты бизнестен 30 жылдан бері зардап шегіп келеді - Қуат Хамитов

23.03.2025, 17:18

Ол Әли Әлиевтің айтқан сөзіне қарсы шықты

Халық футбол атты бизнестен 30 жылдан бері зардап шегіп келеді - Қуат Хамитов
Instagram/kuat__khamitov

Қазақ футболының басты хейтері Қуат Хамитов Уэльстен жеңілгеннен кейін бас бапкердің міндетін атқарушы Әли Әлиевтің баспасөз жиынында айтқан пікіріне қарсы шықты.

«Бүгін жеңілгеніңмен, ертең қайта ойнағанда басым түсуге болады. Өйткені бұл жоғалтқан ақшаңды қайтара алмайтын бизнес емес. Бұл - футбол. Келесі ойында жеңіске жету қажет, сонда моральдық және эмоционалдық жағдайды қалпына келтіре аламыз», - деді Әли Әлиев баспасөз мәжілісінде.

Ал әлеуметтік желілердің біріндегі пабликте ММА шебері Қуат Хамитов бұл пікірмен келіспейтінін айтты.

«Футбол керсінше бизнес. Сол футбол атты бизнестен Қазақстан халқы 30 жылдан бері зардап шегіп келеді», - дейді спортшы.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі екінші матчын наурыздың 25-інен 26 қараған түні Вадуцта Лихтенштейнмен өткізеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам