Ресми: Лихтенштейнге гол соққан қазақстандық футболшы мансабын аяқтады

26.03.2025, 19:38

Бұл туралы футболшының өзі мәлімдеді

Ресми: Лихтенштейнге гол соққан қазақстандық футболшы мансабын аяқтады
KFF

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Александр Марочкин құрамадағы мансабын аяқтады. Бұл туралы футболшының өзі мәлімдеді.

«Лихтенштейнге қарсы ойын құрама сапындағы соңғы матчым болды. Осындай шешім қабылдадым. Жастар ойнасын. Соларға жол беретін уақыт келді. Қазақстан құрамасының намысын қорғау мен үшін үлкен мәртебе болды», – деді 34 жастағы қорғаушы.

Бір қызығы, Марочкин мансабын 22 жасында бастаған, оған дейін ол күзетші болып та жұмыс істеген.

Марочкин ұлттық құрамада 2019 жылдан бері 50 матч өткізіп, бір гол соқты. Клубтық карьерасында «Қайсар», «Оқжетпес», «Тобыл», «Каспийде» ойнаған. Бұл күндері «Астана» сапында өнер көрсетеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам