Станислав Черчесовке қатысты тың дерек пайда болды

29.03.2025, 01:02

Ол жуырда жаңа қызмет алуы ықтимал

Станислав Черчесовке қатысты тың дерек пайда болды
Қазақстан футбол федерациясы

Былтыр Қазақстан құрамасын небәрі жарты жыл баптаған ресейлік маман Станислав Черчесов жақын күндері жаңа қызметке тағайындалуы мүмкін. Бұл туралы «Sport Baza» Telegram-каналы жазды.

Дереккөздің мәліметінше, Черчесов жақын күндері «Ростов» футбол клубына бас бапкер болып тағайындалуы ықтимал. Бұл ұсынысты оған ресейлік белгілі кәсіпкер Иван Саввиди айтыпты. Өйткені, миллиардер жақын уақытта «Ростовты» өз иелігіне алмақ.

Дегенмен, Черчесов кәсіпкерге нақты жауабын әлі бермеген. Ол ойлануға уақыт алған көрінеді.

Sport Baza-ның жазуынша, Станислав Саламович жазда мәскеулік «Динамоның» тізгінін ұстаудан дәмелі. Ол өзінің бапкерлік мансабында бірде-бір рет Ресей чемпионы атанып көрмегендіктен, бұл жетістікке «Динамомен» бірге жеткісі келеді екен.

Еске салайық, Черчесов Қазақстан құрамасына бас бапкер болып былтыр жазда тағайындалды да, биыл қаңтар айында отставкаға кетті. Ол ұлттық құрамамен бірге Ұлттар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетіп, 6 ойынның 5-де жеңілді және команда бірде-бір гол соға алған жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды0
Ұнамайды6
Күлкілі3
Ашулану1
0 Пікір
Сіздің пікірікіз редакция тексеруінен өтеді
СоңғыТанымал
Жүктелуде
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам