
34 жастағы жартылай қорғаушы 17 гол соққан
Қазақстандық футболшы Асхат Тағыберген мен «Ордабасы» клубы келісімшартты мерзімінен бұрын бұзды. Бұл ақпаратты клуб ресми мәлімдеді.
34 жастағы жартылай қорғаушының алдағы уақытта бұрынғы клубы «Тобылға» қайта оралуы мүмкін екені айтылуда.
Асхат «Ордабасы» сапында ойнаған уақытында жақсы нәтижелер көрсетті. Ол жалпы 67 матчқа қатысып, 17 гол соғып, 25 нәтижелі пас берген.
Футболшының алдағы жоспары мен жаңа клубы жақын күндері белгілі болмақ.