ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Ордабасы» марокколық ТОП ойыншыны сатып алмақшы – журналист

Амин Талал Молдова чемпионатында ойнаған

Фото ашық дереккөзден
Фото ашық дереккөзден

Футболдан Қазақстан чемпионы шымкенттік «Ордабасы» клубы трансферлік маусымда марокколық ойыншыны қатарына қоспақ. Бұл туралы спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен өзінің Telegram-каналында жазды.

«Sport+ ақпараты бойынша Шымкенттік «Ордабасы» Амин Талалды қатарына қоспақ ниетте. 27 жастағы мароккалық ойыншы 2022/23 маусымда «Шериф» сапына ауысқан», - деп жазылған аталған ақпаратта.

Жартылай қорғаушының статистикасы жаман емес. Ойыншы Молдова лигасында 13 ойында, 8 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Ал ЧЛ іріктеу кезеңінде Амин Талал 4 ойында 3 голмен көзге түскен.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам