Шымкентте есірткі сатқан африкалық футболшы ұсталды

10.04.2025, 12:58

Оның нақты қай клубта ойнағанын полицейлер айтпай отыр

Шымкентте есірткі сатқан африкалық футболшы ұсталды
Голос народа

Африкалық футболшы Шымкентте есірткі сатқаны анықталды. Тәртіп сақшылары оны ұстап, қамауға алған.

Полиция Шымкент қаласында 1,5 келі а-PVP синтетикасымен Орталық Африка азаматын қолға түсірді. Ол есірткіні Telegram арқылы сатып келген. 

Белгілі болғандай, күдікті Қазақстанға 2020 жылы табыс табу мақсатында келген. Тіпті жергілікті футбол командаларының бірінде ойнаған. Дегенмен, ішкі істер органдары экс-футболшының аты-жөнін айтқан жоқ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам