Бахтиер Зайнутдиновтің денсаулығына қатысты жаңалық пайда болды

11.04.2025, 19:23

Ол әліге дейін ем қабылдап жатыр

Бахтиер Зайнутдиновтің денсаулығына қатысты жаңалық пайда болды
Getty Images

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Бахтиер Зайнутдинов жарақатынан әлі толық айықпаған, бірақ «Бешикташ» командасының жалпы тобына қосылып үлгерген. Ұлттық құраманың бас бапкері Әли Әлиев Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында футболшының қазіргі жағдайы туралы айтты.

Бас бапкердің сөзінше, ол Бахтиермен де, Ыстамбұл клубының медицина қызметкерлерімен де тұрақты байланыста.

«Біз Бахтиермен үнемі хабарласып отырамыз. Сондай-ақ «Бешикташтың» физиотерапевтімен сөйлестім, ол жақын күндері бірнеше процедура жасалатынын айтты. Бұл тұрғыда оларға «Байер» клубының медицина штабы да көмек көрсетіп жатыр. Дәрігерлердің болжауынша, шамамен бір аптадан кейін Бахтиер қайта алаңға жаттығуға шығуы мүмкін.

Бахтиердің көңіл-күйі жақсы, ол алаңға шығып, командаға көмектескісі келеді. Бірақ клубтың медицина қызметкерлері емдеу мерзімін сақтауды жөн көрген. Себебі бұл – жамбас артқы бұлшықетіне байланысты күрделі жарақат. Мұндай жарақатты өте мұқият емдеу қажет», – деді Әлиев.

Еске салайық, Зайнутдинов Қазақстан құрамасының Уэльспен және Лихтенштейнмен болған ойындарына да қатысқан жоқ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам