
Тағыбергеннің өзі ай сайын 20 млн теңге жалақы алған
Украиналық жартылай қорғаушы Евгений Макаренконың шымкенттік «Ордабасы» клубынан ресми түрде кеткені туралы ақпарат тарады. Бұл туралы танымал «Серый Кардинал» Telegram-каналы хабарлады.
Айта кету керек, Макаренконың ай сайынғы жалақысы клубтағы тәжірибелі ойыншы Асхат Тағыбергеннің табысынан да жоғары болған. Дегенмен, нақты сома ресми түрде жарияланған жоқ. Бұған дейін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлімдегендей, украиналық футболшының жалақысы да айына 20 миллион теңгеге дейін жеткен.
Ал қазіргі таңда 34 жастағы Асхат Тағыберген Қостанайдағы «Тобыл» командасының намысын қорғауда. Оның қазіргі жалақысы 6-7 миллион теңге көлемінде, бұл алдыңғы табысынан айтарлықтай төмен.
Макаренконың қай клубқа барары әзірге белгісіз. Себебі Қазақстан Премьер-лигасында трансферлік терезе жабық, сондықтан ол тек маусымның екінші бөлігінде ғана жаңа клубпен келісімшартқа отыра алады.