
Ол бұған дейін де ҚФФ-да лауазымды қызметті атқарған
Молдовалық футбол фнукционері, бапкер Геннадий Скуртул Қазақстан футбол федерациясына техникалық директор болып тағайындалды деп жазды Vesti.kz.
53 жакстағы Скуртул бұған дейін ҚФФ-да дәл осы қызметте істеп кеткен. Сонымен қатар, Техникалық орталықтың консультанты қызметін де атқарған.
Оның құзыретіне балалар футболы, бұқаралық футбол және ұлттық құрама командалардың жұмысы кіреді.
Молдовада Скуртул елдің футбол федерациясында техникалық директор болған. 2012 жылдан бері ол УЕФА-да жұмыс істейді, техникалық инструктор, бапкерлер білімін арттыру бойынша комиссияның мүшесі, бұқаралық футбол бойынша консультант міндеттерін атқарған. Ол – УЕФА-ның PRO дәрежесіндегі бапкері.