Сәтпаевтың төртінші голы: алғашқы ширек финалистер анықталды

12.04.2025, 23:41

Қазақстан кубогінде ешқандай сенсация болған жоқ

Сәтпаевтың төртінші голы: алғашқы ширек финалистер анықталды
Қайрат ФК

Бүгін Қазақстан кубогының 1/8 финалдық матчтары өтіп, ширек финалға шыққан төрт команда анықталды.

«Ұлытау» - «Елімай» — 0:3

Қазақстан кубогының 1/8 финалында алдымен Жезқазғанның «Ұлытауы» семейлік «Елімаймен» кездесіп, өз алаңында 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

Бас бапкерлер мына ойыншыларды алаңға шығарды:

«Ұлытау»: Непогодов, Кейлер, Чалкин, Сламбеков, Каррильо, Бугулов, Терехов, Вачиберадзе, Абылайхан, Молдақараев, Солодовников;

«Елімай»: Коваль, Ролон, Жұмаханов, Чаласан, Адамбаев, Төлібай, Майком, Мужиков, Тугарев, Плакка, Мулич.

Бірінші таймда қонақтар Әділбек Жұмаханов пен Фессу Плакканың голдарының арқасында алға шықса, екінші таймның басында бельгиялық шабуылшы Плакка дубль жасап, есепті 0:3-ке жеткізді.

Осылайша, «Елімай» Қазақстан кубогының ширек финалына бірінші болып жолдама алды.

Голдар: Плакка 39 (0:1), Жұмаханов 45+2 (0:2), Плакка 50 (0:3)

«Қызылжар» - «Қайсар» — 1:0

Петропавлдың «Қызылжары» Костанайдағы «Тобыл Аренада» Қызылорданың «Қайсарымен» ойнап, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Бастапқы құрамдар:

«Қызылжар»: Лобанцев, Валиуллин, Елеукин, Козленко, Асан, Васильев, Нойок, Ульшин, Зорич, Мульдинов, Себаи;

«Қайсар»: Мокин, Кенесбек, Мырзағалиев, Төлегенов, Қалмұратов, Нарзілдаев, Құрманбекұлы, Жалмұқан, Ағзамбаев, Махан, Жақсылықов.

Ойын барысында алаң иелері басымдық танытқанымен, есеп ашылған жоқ. Есесіне екінші таймның соңында капитан Александр Нойок айып алаңынан тепкен доп қарсылас қақпасынан дәл табылып, командасына жеңіс сыйлады.

«Қызылжар» келесі кезеңде «Елімаймен» кездеседі.

«Қайрат» — «Каспий» - 3:0

Алматының «Қайраты» Қазақстан кубогының 1/8 финалында Ақтаудың «Каспийін» қабылдап, 3:0 есебімен тас-талқан етіп ұтты.

Бастапқы құрамдар:

«Қайрат»: Анарбеков, Мата, Широбоков, Мартынович, Мрынский, Арад, Байбек, Громыко, Зария, Бекболат, Жоржиньо;

«Каспий»: Аязбаев, Алишаускас, Қадырбаев, Таипов, Арипов, Серікбай, Бурибаев, Байтана, Нұрғалиев, Қожамберді, Тұрлыбек.

Бірінші таймда Зария екі пенальтиді де сәтті орындап, командасын алға шығарса, екінші таймда алматылықтар сапындағы ең жас футболшы Дастан Сәтпаев матчтың нүктесін қойды — 3:0. Осылайша, Дастан маусымдағы төртінші голын соқты.

«Қайрат» ширек финалда «Хан-Тәңірі» мен «Ордабасы» арасындағы кездесу жеңімпазымен кездеседі.

Голдар: Зария (пенальти) 9 (1:0), Зария (пенальти) 45 (2:0), Сәтпаев 53 (3:0).

«Тұран» - «Атырау» - 2:0

Ширек финалдың тағы бір жолдамасы Түркістанның «Тұран» және «Атырау» командалары арасында сарапқа салынды.

Түркістанда өткен матч алаң иелерінің жеңісімен аяқталды – 2:0. Алтыншы минутта-ақ белорус Игорь Стасевич есеп ашып, өзінің бұрынғы клубын қапы қалдырды.

Түркістандықтар екінші голды 31-минутта соқты. Бұл жолы черногориялық легионер Горан Милойко көзге түсті.

Бастапқы құрамдар:

«Тұран»: Хаткевич, Әбдімажидов, Юденков, Асқаров, Згурский, Нұрымбет, Милойко, Стасевич, Совпель, Мухторов, капитан — Жұмабек.

«Атырау»: Тоқтаров, Чадунели, Гильерме, Барбоса, Козлов, Қыдырай, Абзалов, Чунчуков, Капленка, Асқаров, капитан — Жұматов.

13 сәуірде сегіз команда ширек финалдың тағы төрт жолдамасына таласады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды0
Ұнамайды0
Күлкілі1
Ашулану0
0 Пікір
Сіздің пікірікіз редакция тексеруінен өтеді
СоңғыТанымал
Әзірге жазылған пікір жоқ
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам