
Покатилов Әзербайжанға биыл көшіп барды
Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Станислав Покатилов ойнайтын «Сабах» клубы Әзербайжан чемпионатының 30-турында «Тұран» клубынан 2:1 есебімен жеңілді.
«Сабах» 14-минутта Анатолий Нуриевтің голының арқасында алға шыққан. Алайда, екінші таймда бар болғаны 98 секунд ішінде Станислав Покатилов қорғайтын қақпаға екі доп кіріп кетті.
56-минутта Айхан Гусейнов есепті теңестірсе, 57-минутта Жо есепті 2:1-ге жеткізді. Осылайша екі минутқа жетпейтін уақытта Покатилов қақпасына екі гол өткізіп алды.
Айта кетейік, «Сабах» ойыншысы Павол Шафрванко бірінші таймның 2-минутында қызыл қағаз алып, ойыннан қуылған. Осылайша алаң иелері тоқсан минут бойы он ойыншымен ойнап шықты.
Турнирлік кестеде Покатиловтың командасы 36 ұпаймен 5-орында тұрса, «Тұран» 47 ұпаймен 4-орынға жайғасқан