«Біздің шынайы деңгейіміз осы». Кака Қазақстанның неге жеңіске жетпей жүргенін айтты

15.04.2025, 22:43

Қазақстан алғашқы матчта 1:4 есебімен жеңілген

«Біздің шынайы деңгейіміз осы». Кака Қазақстанның неге жеңіске жетпей жүргенін айтты
ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасының сәтсіздік сериясы жалғасып жатыр. Вьетнаммен екі жолдастық кездесу өткізіп, екі ойында да жеңе алмады. Алғашқы матчта 1:4 есебімен есе жіберсе, екінші ойын тең аяқталды (2:2). Ойыннан кейін Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака пікір білдірді.

«Екі кездесудің де пайдасы зор болды. Ал нәтижеге келсек, Қазақстан құрамасында буын алмасу процесі жүріп жатыр. Өте көп жас футзалшылар өнер көрсетуде. Олардың ойынына көңілім толады. Тәжірибелі жігіттер жастарға өз көмектерін көрсетіп жатыр. Бұл жолы бірінші таймда сенімді ойын көрсеттік, бірақ соған қарамастан болмашы голдар жібердік. Екінші таймда алаң иелері белсенді қимылдай бастады. Оларда бірге-бір оңай алдап кететін футзалшылар бар. Өкінішке қарай, біздің құрамада ондай жігіт болмай тұр. Қорғаныста барынша сауатты ойнауға тырыстық. Бүгінгі нәтиже әділетті деп санаймын», - дейді Рикарду Кака.

Қазақстан алғашқы матчта 1:4 есебімен жеңілген. Мұны ол әділетті болмады дейді. Өйткені ойын тең дәрежеде өткенін жеткізді.

«Бірінші кездесудің нәтижесімен келіспеймін. Тең дәрежеде ойнасақ та, ұтылдық. Ал бүгінгі матч – бұл біздің шынайы деңгейіміз. Жастар қиындықтың бәрін сезінуі тиіс. Үйден алыс, басқа мемлекет, басқа тамақ, басқа менталитет. Осындай жолдастық кездесулердің пайдасы мол. Эксперимент жасай аламыз. Ресми ойында олай тәуекел ете алмайсың», - дейді бас бапкер.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам